Статистика комитетінің мәліметінше, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау нарығының барлық сегментінде бағаның төмендегені байқалады.

2020 жылғы I жартыжылдықта мейрамханалар және қоғамдық тамақтандыру пунктілерінжалға беру бағасы 7,2%, сауда жайларын–3,6%, тұрмыстық қызмет көрсететін пунктілер, сервистерді –3,4%, әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды–2,7%, қойма жайларын – 0,7%, өндірістік жайларды – 0,1%, басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерін – 6,1% төмендеді.

Ағымдағы жылғы маусымда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның өсімі өндірістік цехтарды жалға беруде0,7%, өнеркәсіптік базаларды– 0,6%, «В» сыныпты қоймаларды – 0,5%,химиялық тазалау және кір жуатын орындарды–0,3%белгіленді.