ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК АҚ-мен бірлесіп 2030 жылға дейін газдың болжамды балансын қалыптастырды.
Қазақстанда газ өндірудің 85% - дан астамын Теңіз (27%), Қарашығанақ (38%) және Қашаған (20%) жобалары қамтамасыз етеді.
2023 жылы Қазақстан Республикасының газ өндірісі 59,063 млрд м3-ді құрады, оның ішінде Теңіздің ірі кен орындары – 16,009 млрд м3, Қарашығанақ – 22,385 млрд м3, Қашаған – 11,856 млрд м3 және басқа кен орындары – 8,813 млрд м3.
Газ саласының даму қарқыны соңғы жылдары елімізде газ өндіру тұрақты өсіп келе жатқандығымен расталуда. Осылайша, газдың болжамды балансына сәйкес 2024 жылы елімізде газ өндіру 60,456 млрд м3 дейін өседі күтілуде.
2024 жылға арналған тауарлық газ өндіру жоспары – 28,054 млрд м3. Газдың болжамды балансына сәйкес 2024 жылы ағымдағы ішкі тұтыну 20,9 млрд м3 құрайды.