Ауыл шаруашылығы бюджет ақшасын бей-берекет алып жатыр

Ауыл шаруашылығы саласының мемлекеттік ұйымдардың алдындағы қарызы 850 млрд теңгені құрады. Бұл жалпы қарыздың 65%-ынан астамы, деп хабарлайды Бірінші несие бюросы.

«Кейбір өңірлерде ғана екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығына қаражат бөледі. Алайда олардың қанша қаражат құйғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Яғни, ауыл шаруашылығының қарыз портфелінің 90%-ы мемлекетке тиесілі болуы мүмкін», деп жазады БНБ.

Тағы бір бағыт – субсидиялау. Қазіргі таңда Қазақстанда 1 теңге субсидияға 4 теңге несие қаражаты келеді.

«Жалпы, тұқым, тыңайтқыш, пестицидке берілген субсидияның жалпы көлемі 60 млрд теңге болуы мүмкін. Бұл тек Qoldau жүйесі арқылы 2021 жылдың бірінші жартысында ғана берілген субсидия. Осы кәсіпорындар мемлекеттік субсидиямен қатар мемлекеттен 305,6 млрд теңге несие де алып отыр. Тағы 84,3 млрд теңге 2021 жылы мал шаруашылығын қолдауға берілген бюджеттік субсидия. Соның ішінде 57,2 млрд теңге тамыз айына дейін беріліп қойды», – делінген баяндамада.

Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру күн санап өсіп келеді. 2021 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойыша саланың жалпы несие портфелі 1,3 трлн теңге. Бұл өткен жылғыдан 17,4% көп. Несие алушылар саны да, алынып жатқан сома да өсіп келеді.

Сонымен қатар бұрынғы қарыздар жабылып бітпей жатып жаңа қарыздар беріліп жатқанын да айта кету керек.

Тағы бір айта кетерлігі, 90 күннен асып төленбей жатқан несиелердің үлесі соңғы екі жарым жылдағы жақсы көрсеткішке жетіп, 27,3%-дан 14,7%-ға төмендеді.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Ауыл шаруашылығы бюджет ақшасын бей-берекет алып жатыр

Ұнады (0)