Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылында алтын өндіру зауытының құрылысы басталды.

«Monterra Group AG» неміс инвесторы құрған, жобалық қуаттылығы жылына 5 тонна алтынға дейін жететін Доре қорытпасындағы кәсіпорын Қазақстандағы бағалы металдар нарығының дамуына үлкен үлес қосады. Шикізат көзі - Қаратас-Майбұлақ аймағы.

«Компания жобаға шамамен 6 млрд.теңге инвестициялады, бұл ретте 2021 жылдың соңына дейін бюджетке салық аударымдары 1 млрд. теңгеден асады», — деді Monterra Qasaqstan бас директоры Меруерт Данбаева.

Зауытта қолданылатын технология алтыннан басқа басқа металдар бар Қордай өңіріндегі алтын кен орнының күрделілігі үшін арнайы жасалған.

«Monterra Group AG» КБК. Жобаның құны 832 млрд. теңгені құрайды. Құрылыста 350 адам жұмыс істейді. Зауыт 2800 жаңа жұмыс орнын ашады. Оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.