ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов су тасқыны басталғалы 673 ұңғыманың бүгінде 450-ге жуығы су астында қалғанын айтты.
«Су тасқыны басталғаннан бері мұнай шығыны шамамен 20,0 мың тоннаны құрады. Су азайған сайын ұңғымалар іске қосылады», - деді ол.
Асхат Хасенов 2022 және 2023 жылдарға арналған мұнай мен газ өндіру көлеміне де тоқталды. «2022 жылы мұнай өндіру 84,2 млн тоннаны, экспорт – 64,3 млн тоннаны құрады. Ішкі нарыққа 17,9 млн тонна жіберілді. 2023 жылы өндіріс 89,9 млн тоннаны, экспорт – 70,5 млн тоннаны құрады. Ішкі нарыққа 17,5 млн тонна жөнелтілді», - деп түсіндірді вице-министр.
Ол бүгінде мұнай өңдеу қуаттылығын жылына 27 млн тоннаға дейін арттыру жұмыстарының басталғанын айтты: Шымкент мұнай өңдеу зауыты – жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін; Павлодар мұнай-химия зауыты – екі кезеңде жылына 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға дейін, CaspiBitum – жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін; Атырау мұнай өңдеу зауыты – жылына 0,7 тоннаға, млн тоннаға дейін көбейтпек.
«Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу тереңдігін қазіргі 75-80%-дан 87%-ға дейін ұлғайтуға әкеледі, яғни ішкі нарықты жоғары сапалы ақшыл мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді, сонымен қатар қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерін өндіру», - деп атап өтті Асхат Хасенов.
2022 жылы газ өндіру 53,2 млрд м3 құрады, оның 27,8 млрд м3 тауарлық газ өндірілді. Оның 19,36 млрд м3 ішкі нарыққа жеткізілсе, 4,6 млрд м3 экспортқа шығарылды. Қалған бөлігі жер қойнауын пайдаланушылардың меншікті технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланылды, бұл 3,8 млрд. м3.
«2023 жылы газ өндіру 59,1 млрд м3 құрады, оның 29,8 млрд м3 тауарлық газ өндірілді. Ішкі тұтыну 19,43 млрд м3 болса, 5,6 млрд м3 экспортқа шығарылды. Қалған бөлігі жер қойнауын пайдаланушылардың жеке технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалды - 4,8 млрд м3», - деді Энергетика вице-министрі.