Қаржы пирамидаларының негізгі 10 белгісі

Соңғы кезде күштік құрылымдар, экономикалық тергеу қызметтері тарапынан қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінің және өзге алаяқтық схемаларының алдын алу үшін барлық әрекеттер қолданылуда. Алайда азаматтарды жаңылысуға әкеп соғатын және Қазақстандықтардың сенгіштігін пайдаланып пайда табу мақсатында инвестициялық қызмет деген желеумен жұмыс істейтін компаниялар әлі де бар.

1. Қаржы реттеушісінің ақша қаражатын тарту жөніндегі қызметті  жүзеге асыруға лицензиясының болмауы;

2. Жаңа қатысушыларға басқа салымшылардың жарналарынан ақша қаражатын төлеу;

3.   Меншікті негізгі қаражаттың, басқа да қымбат активтердің болмауы

4. Егер компания «кеше ғана» тіркелген болса, қаражат жинау қарсаңында оның ең аз жарғылық капиталы және жалғыз құрылтайшысы болса, бұл күдік тудырады. Бұл, әсіресе, компания өзін сәтті және дамып келе жатқан компания ретінде көрсеткен кезде күдікті саналады;

5. Ұйым белсенді түрде жарнамаланады және нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары, бұрын-соңды болып көрмеген жоғары кірісті уәде етеді;

6. Сізге тәуекелдер жоқ деп айтылады. Нағыз инвестициялық   компаниялар салымшыларға тәуекелдер туралы ескертеді;

7.  Алдын ала жарналар – жобаға инвестиция салу мүмкіндігіне дейін (содан кейін үлкен дивидендтер алу үшін) сіз рұқсат алу үшін аз мөлшерде, әдетте, қолма-қол ақшамен салым салуыңыз керек Бұл әділетсіз ойынның айқын белгісі;

8. Егер компания сіздің ақшаңызды жоғары кірісті кәсіпорындарға (мысалы, мұнай немесе алтын өндіру, құрылыс) инвестициялайды деп мәлімдесе, құжаттық растауды сұраңыз. Құжаттар жоқ болса – Сіздің алдыңызда 100% алаяқтар екені даусыз;

9. Егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, компания сіздің алдыңызда жауапты ма, әлде жоқ па екенін шарттан білу түсініксіз. Сіз оларға қандай жағдайда да ақшаңызды бермеңіз;

10.  Сізден жаңа клиенттерді тарту сұралады – бұл сіздің алдыңызда басқалар арқылы ақша тапқысы келетін айқын емес қаржылық схеманың бар екендігіне тағы бір дәлел.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Қаржы пирамидаларының негізгі 10 белгісі

Ұнады (0)