Журналистер, пиаршылар мен баспагерлер креативті индустрияға енді

Қазақстанда креативті индустрияға жататын ЭҚЖЖ түрлерінің тізімі 43-тен 53-ке дейін кеңейтілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Креативті индустрияға енген жаңа қызмет түрлері:

  • веб-порталдардың қызметі;

  • радиохабар тарату;

  • мәдениет саласындағы білім беру;

  • жарнама агенттіктерінің қызметі;

  • кітап шығару;

  • баспа қызметінің өзге де түрлері;

  • кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметі;

  • кинофильмдерді көрсету қызметі;

  • баспа өндірісінің өзге де түрлері;

  • тығыннан, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру.

Тізімнің кеңеюі креативті индустрия субъектілерін ресми түрде көбірек айқындауға, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне, саланың ашықтығын арттыруға және шығармашылық бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндік жасауға ықпал етеді.