2021 жылғы қыркүйектен қазанға дейін азық-түлік бағасы 0,7%, азық-түлік емес тауарлар 1%, ақылы қызметтер 0,5% қымбаттады, деп хабарлайды Статистика бюросы.

пайызбен, өсуі

 2021 жылғы қазан2021 жылғы қаңтар-қазан 2020 жылғы қаңтар-қазанға
2021 жылғы қыркүйекке2020 жылғы

желтоқсанға

2020 жылғы
қазанға
2015 жылғы

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер0,77,08,948,27,9
Азық-түлік0,78,211,362,110,8
Азық-түлік емес тауарлар1,06,87,850,16,6
Ақылы қызметтер0,55,66,930,15,3

Жұмыртқа 7,2%, жаңа жиналған көкөніс 5,5%, құмшекерге мен құс еті 1,4%, картоп 1,2%, нан 0,7%, пастерленген сүт 0,6%, айран, шошқа еті, қарақұмық жармасы 0,5%, шұжық, макарон өнімдері, ұн 0,4% қымбаттады.

Жаңа жиналған жеміс 1,5% арзандады.

Сонымен қатар автокөлік 3,4%, тұрмыстық тауарлар 1,1%, киім және аяқ киім, фармацевтикалық өнімдер 0,4%, жазғы дизель отыны 16,6%, баллондағы сұйытылған газ – 6,4%, ағаш – 2,6%, тас көмір – 2%, бензин 0,9% қымбаттады.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтері, монша 1%, денсаулық сақтау қызметтері 0,5%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 0,4% өсті.

Тұрғын үйді жалға беру ақысы1,1% өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру 0,8%, такси қызметі  0,6% қымбаттады, ал жолаушылар әуе көлігі ақысы 2,4% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясы 1,1%, ыстық су 0,2% өсті, ал орталықтан жылыту 0,4% төмендеді.