Ұлттық экономика министрі А.М. Иргалиевтің тұрақты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобалардың іске асырылуын түсіндіру жөніндегі брифингі өтті.
Брифингке Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев та қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бейінді Министрлік "Кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы шеңберінде (ҚРҮ 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысы) "Сауданың заманауи форматтарын, оның ішінде өндірушіден тұтынушыға дейінгі толық циклді инфрақұрылымды қалыптастыру" міндетін іске асырады.
Бұл бағыттағы жұмыс басталып та кетті.
Біріншіден, стационарлық емес сауда объектілері жаңғыртылатын болады.
Бүгінгі таңда 500 - ден астам әмбебап сауда базарларының 103-і жаңғыртуды талап етеді. 2023 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 37 сауда нысанын жаңғырту жоспарлануда. Қалған 66-сы 2025 жылдың соңына дейін жаңғыртылады.
Бұл шаралар өркениетті сауда деңгейін арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға және көлеңкелі сауданы қысқартуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, тиімді жұмыс істейтін сауда-логистикалық және тарату жүйесін құру, атап айтқанда, 24 КТО-дан тұратын ұлттық тауар өткізу жүйесін құру көзделеді.
ҰТЖ құрудың бірінші кезеңі шеңберінде МЖӘ Шарты жасалды және 5 КТО салу және екі КТО жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Жалпы, ҰТЖ құру өндіріс сатысында да, оны бөлу және өткізу сатыларында да өзара байланысты проблемаларды кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданады және трансшекаралық сауданың 5 орталығы құрылады/жаңғыртылады.
Бүгінгі таңда Өзбекстанмен шекарада "Орталық Азия" СЭЫХО құру басталды. Ресей, Қытай, Қырғызстан және Иранмен сыртқы шекараларда осындай орталықтар құру және жаңғырту жоспарда бар.
Қырғызстан шекарасында "Қарасу" өткізу пунктінің базасында "Алатау" хабы құрылады. Бұл Қырғызстаннан Қазақстан арқылы солтүстікке қарай Ресейге, Еуропаға және ҚХР-ға тауарлар үшін ең көп жүк тиейтін транзиттік пункттердің бірі.
Қазақстанның батыс шекараларында ЕАЭО-ның ірі өңірлік нарықтарына барынша географиялық жақындықта орналасқан, бірінші кезекте жеңілдікті жағдайлары бар өнеркәсіптік аймақ ретінде қалыптастырылатын "Еуразия" хабын құру пысықталуда.
Сонымен қатар, Каспий маңы елдерін үдемелі интеграциялау мақсатында "Каспий торабы" трансшекаралық хабын құру пысықталуда.
Тұтастай алғанда, осы мәселелерді шешудің кешенді және жүйелі тәсілі сауда хабтары жүйесін құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл жүйе КТО-мен интеграцияланып, Еуразиялық сауда ағындарын дамытудың өзегі болады.