Жеңілдетілген 4%-дық несиемен көлік алу жолдары

Мақала 2021 жылы жарияланған, тиісінше деректер сол уақыттікі

Жақын айларда елімізде 4 пайызбен жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасы тағы басталады. Көпшілік осы арқылы көлік алуды жоспарлап отырғаны белгілі. Автонесиені қаржыландыру үшін Қазақстанның даму банкі екінші деңгейлі банктерге 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді.

Автонесие алушыларға қойылған талаптар:

  • Бағдарлама арқылы көлік алуға өтініш берген кезде жасыңыз 21-ге толған, ал қарыз мерзімі аяқталған кезде 68-ден аспаған болуы керек;
  • Жоба бойынша тек отандық жеңіл автокөлікті ала аласыз;
  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – жылына 4 пайыз;
  • Несиені 5 немесе 7 жылға рәсімдей аласыз.

Банктер қандай шарттар ұсынады?

Отандық жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасын екінші деңгейлі банктер  әртүрлі пайызбен ұсынады. Мысалы, «Халық банктен» автонесие алар болсаңыз, автокөліктің шекті құны 15 000 000 теңгеден көп болмауы керек.

  • Жалақысын осы банк картасы арқылы алатын азаматтар құны 5 000 000 теңгеге дейінгі көлікті бастапқы жарнасыз ала алады. Ал басқа клиенттер үшін 20 пайыздан бастап беріледі.
  • Құжаттар тізімі: өтініш иесінің және қосарлы заемшының (ол қатысқан жағдайда) жеке куәлігі.

«Сбербанкте» берілетін несиенің максималды сомасы – 13 500 000 теңге.

  • Бастапқы жарна 10 пайыздан басталады;
  • Қажетті құжат – жеке куәлік қана.

«Банк ЦентрКредит» АҚ жаңа автомобиль сатып алу бойынша ең жоғары сома ұсынып отырған бірегей банк: 25 млн теңге. Бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады. Банктің ресми сайтында «Клиент қолданыстағы автокөлігін бастапқы жарна ретінде бере алады. Автосалон банкке қолданыстағы автокөліктің бастапқы жарнаны төлеу ретінде берілгенін құжат жүзінде растайды» деп көрсетілген.

Центркредит банкінің басқалардан тағы бір ерекшелігі – қосымша комиссия бар:

  • Қарызды ұйымдастырғаны үшін – қарыз сомасының 2 пайызы.
  • Қажетті құжаттар тізбесі – клиенттің жеке тұлғасын куәландыратын құжат – түпнұсқасы.

 

ВТБ Банктің көпшілікке ұсынатын несие сомасы – 2 250 000 теңге мен 13 500 000 теңге аралығында.

  • Бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады.
  • Несие мерзімі – 84 айға дейін.

4 пайызбен автокөлік несиесін алғысы келетін Forte Bank клиенттері үшін бастапқы жарна 5 пайыздан басталады.

  • Несие сомасы – 1 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін.

Eurasian Bank-тің бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады. Несие бергені үшін комиссия ұсталынбайды.

  • Несие сомасы – 450 мың теңгеден 13 500 000 теңгеге дейін;
  • Сақтандыру және автотранспортты кепілге қоюды рәсімдеу бойынша шығындарды клиент өзі төлейді.

Несие бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын көліктер тізімі:

KIA – Ceed, Cerato, Optima, Picanto, Rio, Sorento, Soul, Sportage, Stinger, Seltos;

Škoda Octavia, Rapid, Superb, Kodiaq;

Hyundai Accent, Creta, Tucson, Elantra, Sonata, Santa Fe;

Chevrolet – Damas DLX, Nexia, Cobalt, Malibu, Trailblazer, Equinox, Tracker, Niva;

LADA LADA 4*4 21310, Granta, XRay, Vesta, Largus, 4*4 21214;

УАЗ 220695-04, Patriot, Hunter, 390995, 374195-05;

Ravon Nexia R3;

JAC S3, S5, S7, J7.

Автонесиге қалай өтінім береміз?

Қазірден бастап бұл бағдарламаға өтініш бере аласыз. Ол үшін жоғарыда атап өткен екінші деңгейлі кез келген банк бөлімшесіне бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып алғаныңыз жөн. Банк сіздің өтінішіңізді үш жұмыс күні ішінде қарап, бағдарлама талабы бойынша төлем қабілетініңізді анықтайды. Егер банк талабына сай келіп тұрсаңыз, өтінішіңізді қабылдап, автонеисеге кезекке тұрасыз.

Егер банкке баруға мүмкіндігіңіз болмаса, үйден шықпай-ақ «Сбербанк», «Фортебанк» және «Еуразия банктың» ресми сайтын кіріп, онлайн өтінім беруіңізге болады.

Бағдарламаның жасаушылар клиенттерге ыңғайлы болу үшін биылдан бастап банктегі кезегіңізді онлайн қарап отыру мүмкіндігін қосты. Ол үшін өтініш берген банктің ресми сайтына кіріп, ЖСН нөмірі арқылы кезекте нешінші тұрғаныңызды бақылай аласыз. Қазірше бұл мүмкіндікті «Халық банк», «Сбербанк» және «ВТБ банк» арқылы өтініш бергендер ғана пайдалана алатынын айта кеткен жөн. Жеңілдетілген автонесие алуға берілген кредиттік өтініштердің берілуіне байланысты электронды кезек жаңартылып отырады.

Биылғы бағдарлама сәуір-мамыр айларында қосылады деп күтілуде.

Бұл контент АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Naryk.kz ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін. 

USAID — халықаралық жетекші даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізетін катализатор. USAID қызметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуіне және бенефицар-елдердің тұрақты дамуына үлес қосады, сонымен қатар америка халқының жомарттығын көрсетеді. 

Автор: Бауыржан Мұқанов