Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда табыс салығы айлығы аз азаматтарда азайып, айлығы жоғары азаматтарға көбейетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Төртіншіден әлеуметтік әділеттілікті атынан айлық еңбекақы мен табыстың өзге де түріне қатысты жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керек деп есептеймін. Прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы онша жоғары емес азаматтар бүгінге қарағанда аз төлесе, ал айлығы көп азаматтар үшін салық мөлшері көбейеді», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.
Мемлекет басшысы мұндағы мақсат – айлық еңбекақының барынша көп әрі жабық сегментін «көлеңкеден» шығару екенін жеткізді.