"Менің түсінігімде егер жалақы 250 мың теңгеге дейін болса, тіпті 300 мың теңгеге дейін табысы болса, онда 10 пайыз салық төлемеуі керек. 7 пайыз төлей алады. Ал орта тапқа келер болсақ, оған қатысты салық көлемі бұрынғыдай 10 пайыз қолданылады. 10 пайыз - көпшіліктің төлейтін салығы. Шартты түрде айтсақ, 300 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін, мүмкін 2 млн теңгеге дейін. Осындай жалақы алатындар бұрынғыдай 10 пайыз төлейді. Ал жылына 25 млн теңгеден көп табатын адамдар, менің ойымша, 10 пайыздан артық төлеуі керек. Қанша төлейтінін комиссия шешеді. 13 пайыз, 15 пайыз, мүмкін 15 пайыздан да көп", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы ЖТС 15 пайыздан аспау керектігін айтты.
Тоқаевтың осы бойынша ұсыныс дайындауды тапсырғанын айтты. Ұсынысты қоғаммен және депутаттармен талқылағаннан кейін прогрессивті жүйе қабылданады немесе кері қайтарылады.
"Соңғы шешімді Президент ретінде мен қабылдаймын", - деді Тоқаев.