"Нұрлы жер" бағдарламасының орнына "Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды krisha.kz.
Бағдалама 2021-2025 жылдары аралығында іске асырылады. Осы уақытта жалы құны 1.9 трлн теңгеге 103 млн шаршы метр үй салынбақ.
"Жайлы тұрғын үйдің" мынадай бағыттары бар:
- Отбасындағы жан басына шаққанда табысы бір айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін, әкімдіктің үй кезегінде тұрған азаматтар. Бес жылда осы санат бойыша 185 мың адам қамтылмақ.
- Отбасы банкі арқылы жеңілдетілген 2% және 5%-дық ипотека. Бұл бағдарлама арқылы табысы ай сайынғы күнкөріс минимумынан жоғары кезектегі 404 мың азамат баспаналы болмақ.
- Әлеуметтік несиелік баспана. 86 мың пәтер салынады.
- Жер үй салу үшін 237 мың жер теліміне инженерлік коммуникация салу. Бұл атап айтқанда ауылдарда 110 мың жер мен қалада 125 мың жер.
- 5 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлеріне үй салып беретін жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау. Жұмыс берушілердің 50% шығыны субсидияланады.
- Мегаполис қалалардағы жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер. Өңірлерге де енгізілу қарастырылып жатыр.
- "Ескі орамдарды" ренновациялау және проблемалық құрылыстарды аяқтау.