"Нұрлы жер" бағдарламасының орнына "Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды krisha.kz.

Бағдалама 2021-2025 жылдары аралығында іске асырылады. Осы уақытта жалы құны 1.9 трлн теңгеге 103 млн шаршы метр үй салынбақ.

"Жайлы тұрғын үйдің" мынадай бағыттары бар:

  1. Отбасындағы жан басына шаққанда табысы бір айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін, әкімдіктің үй кезегінде тұрған азаматтар. Бес жылда осы санат бойыша 185 мың адам қамтылмақ.
  2. Отбасы банкі арқылы жеңілдетілген 2% және 5%-дық ипотека. Бұл бағдарлама арқылы табысы ай сайынғы күнкөріс минимумынан жоғары кезектегі 404 мың азамат баспаналы болмақ.
  3. Әлеуметтік несиелік баспана. 86 мың пәтер салынады.
  4. Жер үй салу үшін 237 мың жер теліміне инженерлік коммуникация салу. Бұл атап айтқанда ауылдарда 110 мың жер мен қалада 125 мың жер.
  5. 5 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлеріне үй салып беретін жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау. Жұмыс берушілердің 50% шығыны субсидияланады.
  6. Мегаполис қалалардағы жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер. Өңірлерге де енгізілу қарастырылып жатыр.
  7. "Ескі орамдарды" ренновациялау және проблемалық құрылыстарды аяқтау.