Жыл басынан бергі жеті айда азық-түлік тауарлары 7,6%, азық-түлік емес тауарлары 2,9%,ақылы қызметтер 1,7% қымбаттады, деп хабарлайды Статистика агенттігі.
пайызбен, өсуі
|
2020 жылғы шілде |
2020 жылғы қаңтар-шілде 2019 жылғы қаңтар-шілдеге |
| 2020жылғы
маусымға |
2019 жылғы
желтоқсанға |
2019 жылғы шілдеге |
2015 жылғы
желтоқсанға |
| Тауарлар мен қызметтер |
0,3 |
4,4 |
7,1 |
34,6 |
6,5 |
| Азық-түлік тауарлары |
0,2 |
7,6 |
11,3 |
44,8 |
10,1 |
| Азық-түлік емес тауарлар |
0,3 |
2,9 |
5,4 |
37,1 |
5,4 |
| Ақылы қызметтер |
0,3 |
1,7 |
3,2 |
20,2 |
3,0 |
Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы шілде 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жемістерге – 21,3%, жармаларға – 20%, қой етіне – 11,8%, құмшекерге – 11,5%, ұнға – 11%, көкөністерге – 10,8%, макарон өнімдеріне – 10,1%, сары майға – 9,4%, жылқы етіне – 8,6%, мәйекті ірімшікке – 8,4%, сиыр етіне – 7,6%, мұздатылған балыққа, шайға – 6,8%-дан, шұжық өнімдеріне – 6,1%, шошқа етіне – 5,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 5,3%, пастерленген сүтке – 4,5%,нанға – 3,8%, сүзбеге 3,3%белгіленді. Темекі өнімдері – 8,8%, минералды және ас су – 8,5%, алкогольді сусындар – 5,5%, салқындатылған сусындар 5,4% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 5,9%, күрішке – 2,2%, сөкке 2,1% тіркелді.
Баға өсімі жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,6%, дәрі-дәрмекке –6,3%, жеке қолданылатын тауарларға – 5,7%,тұрмыстық аспаптарға – 4,6%, автомобильдерге, құрылыс материалдарына 4,3%-данқұрады. Бензин 2,7% қымбаттады, ал дизель отыны 3% арзандады.
Баға деңгейі жерлеу қызметтеріне – 4,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 3,5%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,9% өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады. Қалалық көлікпен (такси) жол жүру ақысы – 5,3%, жолаушылардың темір жол көлігімен – 3,6% қымбаттады, ал әуе көлігімен –6,6%арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерыстық суға – 5,5%, кәрізге – 3,5%, орталықтан жылытуға – 3,4%, суық суға 2,6% төмендеді, ал қоқыс шығаруға – 11,1%, электр энергиясына 2,6%өсті.