2020 жылғы 4 ай қорытындысы бойынша бензин тұтыну көлемі 1 206,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 91% құрады. Ағымдағы жылғы сәуір айында тұтыну 222 мың тоннаны құрады, бұл ағымдағы жылғы ақпан айына қарағанда 30% -ға төмен (319,6 мың тонна), деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика вице-министрі Ә. Мағауов отандық мұнай өңдеуді қолдау мақсатында ҚР Үкіметі мынадай теңдессіз шараларды бір мезетте қабылдады, деп атап өтті. Атап айтқанда:
- ҚР-дан тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды алып тастау;
- Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін (дизель және автомобиль отынын қоса отырып) әкетуге салынған тыйымды алып тастау;
- экспортқа шығарылатын бензин және дизель отыны бойынша акцизделетін тауарлар өндірушілерін акциздерді төлеуден босату;
- РФ-дан ҚР-ға бензин мен дизель отынын теміржол арқылы жеткізілуіне тыйым салуды енгізу;
- мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензин, дизель отыны және мазутқа әкету кедендік баждарын нөлге айналдыру.
Осылайша қабылданған шаралар жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.