Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының статистикалық мәліметтері бойынша шілдеде жалпы сомасы 72,1 млрд теңгеге 62,7 мың өтініш орындалды. Маусым айымен салыстырғанда өтініштер саны 64%, көлемі 81% өсті.
Шілдедегі жалпы көлемнің 40,5 млрд теңгесі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалса, 20,8 млрд теңге емделуге алынды. Бірінші көрсеткіш маусыммен салыстырғанда 50%, екіншісі екі еседен астам өсті.
Бұл өсім маусым айының соңында айтыла басталған тіс емдеу үшін зейнетақы шешіп алуды шектеу қажеттілігі туралы пікірталас аясында тіркеліп отыр. Еңбек министрлігі бұл идеяны жалпы мақұлдады. Шілде айының басында министрлік түсіндіргендей, мерзімінен бұрын шығаруға толық тыйым салу қарастырылмады.
Ал шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі бұл салада нақты шараларды ұсынды. Енді министрлік зейнетақы ақшасына тіс емдетуге уақытша тоқтатпақшы. Себебі, жұрт тіс емдеткен болып ақшаларын шығарып алып жатыр делінеді.