"Баспана мәселесін жүйелі шешуге азаматтардың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін үй-жайларын жақсарту мүмкіндігі де оң әсер етпек. Мен бұған дейін осындай тапсырма бергенмін, бірақ төтенше жағдай басталып жұмыс аяқсыз қалды. Шешім қабылдайтын кез келді. Үкімет 1 шілдеге дейін нақты шешім қабылдауы керек", деді Президент.
Зейнетақы жинағына үй алу мәселесін Үкімет 1 шілдеге дейін біржақты етеді
Бүгін Президент осындай тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Үкіметке 1 шілдеге дейін халықтың зейнетақы жинағының бір бөлігіне үй-жайын жақсарту бойынша нақты шешім дайындауын тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.