"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) электрондық сауда-саттық өткізу арқылы "БЖЗҚ" АҚ-ның жылжымайтын мүлкін сататыны туралы хабарлайды.
Нақтырақ айтқанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқы ауданындағы Іскер бизнес орталығындағы 15 577 шаршы метрлік кеңсесін 2 млрд 626 млн теңгеге шығарса, Есіл ауданындағы "На водно-зеленом бульваре" ТК-дегі 12 кеңсесін де сатуға қойған. Ондағы кей кеңсесі 15 метр шаршы метр 1,7 млн теңге болса, ең үлкені 225,9 шаршы метр 104,6 млн теңге. Ал "Отандастар" ТК-дегі үш кеңсесі тиісінше 90, 131, 132 млн теңгеге бағаланған.
Сонымен қатар, Алматы облысы мен Алматы қаласында да бір-бір жылжымайтын мүліктері сатылады.
www.gosreestr.kz сайтында хабарландыруды көру үшін сілтемесі бар объектілер тізбесі, бастапқы сату бағасы Қосымшада берілген.