2020 жылдың 1 тамызына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өсті.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеге (өсім 9%) жетті.
2020 жылдың 1 тамызына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионнан астам бірлікке артты. 01.08.2019ж. ЖЗШ саны 10,5 (10 517 212) млн бірлікті құраса, 01.08.2020ж. бұл көрсеткіш 11,7 миллионнан асып түсті (11 706 287). Осылайша бір жыл ішіндегі өсім 11% болды.
Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны он бір миллионнан асады, дәлірек айтсақ 11 132 300 шот (жыл басынан бергі өсім – 10%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 518 294 (өсім – 2%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 55 693 бірлік (өсім – 2%).
2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 604,3 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың алғашқы 7 айындағы көрсеткіштен 55,1 млрд теңгеге немесе 10% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 576 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды, 27,5 млрд теңгенің аударымы МКЗЖ бойынша жасалған, ал 256 миллион теңге ЕЗЖ бойынша аударылған.
Төлемдер 98,2 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 36% жасы бойынша төлемдер (34,9 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (24,3 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (19,9 млрд теңге), мұрагерлерге (16,4 млрд теңге), жерлеуге (1,8 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (0,9 млрд теңге).
2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд.теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 млрд. теңгеге артық.