Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қарашада 14,1 трлн теңге болды. Жыл басынан есептелген инвестициялық табыс - 672,6 млрд теңге. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен соңғы 12 айдағы кірістілік (2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін) - 5,97%.
Соңғы бес жылдағы (2017-2021) зейнетақы активтерінің кірістілігін талдай отырып, оның жыл сайын инфляциядан жоғары болғанын байқауға болады.
2014 жылдан бастап (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру уақыты) 2022 жылғы қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық табыс 6,7 трлн теңгені құрады. Ал зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 115,2% инфляция кезінде 119,5% болды.
Егер одан да ұзақ уақыт аралығын алсақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылғы 1 қарашадағы инвестициялық кірістілік өсімді жиынтығымен бірге бүкіл кезеңдегі инфляция 658,01% болған кезде 718,78% жетті.