2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 228,7 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 17 216,9 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 11,8 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2023 жылғы 1 қазандағы зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай:
- ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,2%
- квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10%
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,02%
- шет мемлекеттердің МБҚ – 4,1%
- ҚРҰБ депозиттері – 3%
- халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,2%.
Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие:
- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,2%
- АҚШ долларында – 31,8%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер:
- оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 1 069,8 млрд теңге
- ыртқы басқарудағы активтер бойынша – 239,9 млрд теңге
- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер – 89 млрд теңге
- өзге кірістер – 3,9 млрд теңге болды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылдың басынан бері есептелген, 01.10.2023 ж. жағдай бойынша инвестициялық кіріс – 1 402,6 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың 9 айында инфляция мөлшері 7,2% болғанда, 8,9% көрсетті.
Бұл ретте 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін) 10,14% болды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 11,8 млрд теңге.
01.10.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,5 млрд теңге болды.
Компанияның ең маңызды салымдары:
- ҚР ҚМ МБҚ – 32,4%
- Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 27%
- ҚРҰБ ноттары – 23,7%
- «кері РЕПО» – 10,4%
- шет мемлекеттердің МБҚ – 6,4%.
Атап кетейік, портфельдің 66,5% теңгемен; 33,5% – АҚШ долларымен ұсынылған.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 392 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 9 айындағы кірістілігі – 9,3%.
01.10.2023ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,6 млрд теңге.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар:
- ҚРҰБ ноттары – 27,8%
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,9%
- "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 12,4%
- МҚҰ облигациялары – 10,7%
- шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 8,4%
- шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,7%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,7%, АҚШ долларымен 24,3% болды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 347,4 млн теңге. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 9 айындағы кірістілігі – 13,5%.
"BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,9 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- ҚР мемлекеттік облигациялары – 26%
- Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,4%
- пайлар (индекстерге ETF) – 7%
- МҚҰ облигациялары – 4,6%
- ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 4,2%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 81,8%, АҚШ долларымен – 18,2% инвестицияланды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 157,2 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 9 айындағы кірістілігі – 10,2%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақыдан және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түсті.
2023 жылдың 1 қазанында "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 927,1 млн теңге.
- Активтердің 57,28%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды
- инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 11,5%
- «кері РЕПО» – 10,7%
- Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,8%
- квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 9,6%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 78,2%, АҚШ долларымен 21,8% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 80,6 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің 9 айдағы кірістілігі – 8,2%.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1 891,7 млн теңге.
Портфель құрылымындағы инвестициялар мынадай:
- ҚРҰБ ноттары – 26,3%
- ҚР ҚМ МБҚ – 25,9%
- Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 21,2%
- "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 9,3%
- Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 4,2%
- шет мемлекеттердің МБҚ – 4,1%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 86,5%, евро валютасында – 0,5%, АҚШ долларында – 13% инвестицияланды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 57,3 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың 9 айында – 12,1%.