2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,0 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 965,12 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,13 млрд теңгеге жетті.
2022 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары:
- БЖЗҚ ЗА портфеліндегі негізгі үлесті ағымдағы құны 6 235,81 млрд.теңгені құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ алады. Олардың портфельдегі үлесі 44,65%. 2022 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 11,3%, АҚШ долларында – жылына 3,4% болды.
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 714,32 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,28%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,9%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 924,19 млрд теңге (6,62%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,5%.
- шетелдік банктердегі депозит 704,12 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 5,04%. Қаралып отырған кезеңде валюталық портфельдің кірістілігін қолдау мақсатында орташа алынған кірістілігі жылына 2,67% және өтеу мерзімі 1,8 айдан 2 айға дейінгі жалпы сомасы 500,89 млрд.теңгеге шетелдік банктерде номиналданған салымдарға орналастырылды.
- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 378,85 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,71%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,47% болды.
Бұдан басқа, инвестициялық портфель құрылымында ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 276,25 млрд теңге (портфельдегі үлесі 1,98%), РЕПО 250,09 (1,79%), ҚР ЕДБ-дағы депозиттер 201,23 млрд теңге (1,44%), шет мемлекеттердің МБҚ 140,80 (1,01%), ҚРҰБ депозиттері 31,20 млрд теңге (0,22%), ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 15,04 млрд теңге (0,11%), PPN 11,49 млрд теңге (0,08%), шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары 6,36 млрд теңге (0,05%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 5,30 млрд теңге (0,04%) және өзге активтер 21,42 млрд теңге (0,15%) бар.
Айта кетейік, активтерді индекстік басқаруда 3 050,76 млрд теңге (портфельдегі үлесі 21,85%), оның ішінде құрылымда дамыған елдердің МБҚ, дамушы елдердің МБҚ және сыртқы басқарудағы активтер бар.
Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель былайша берілген:
- ұлттық валютадағы инвестициялар – 69,34%, АҚШ долларында – 30,59%, басқа валютада-зейнетақы активтері портфелінің 0,07% құрады.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 718,05 млрд теңгені құрады.
Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,18% болды.