2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,7 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 656,00 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,06 млрд теңгеге жетті.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2022 жылдың 1 тамызында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

- БЖЗҚ ЗА портфеліндегі негізгі үлесті ағымдағы құны 6 000,60 млрд.теңгені құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ алады. Олардың портфельдегі үлесі 43,94%. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 11,4%, АҚШ долларында – жылына 3,4% болды.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 703,79 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,48%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,9%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 935,95 млрд теңге (6,85%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,4%.

- шетелдік банктердің мемлекеттік бағалы қағаздары 578,45 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 4,24%. Шетелдік банктердегі салымдарды өтеу болған жоқ.

- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 395,46 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,90%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 9,70% болды.

- ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттердің ағымдағы құны есепті күнге 262,30 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 1,92%. Орташа алынған кірістілік жылына 13,21% құрады.

- өтімділік қосалқы қоржынындағы шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 257,63 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 1,89%. Есепті күнге БЖЗҚ ЗА портфеліндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 2,9% -ды құрады.

Бұдан бөдек, инвестициялық портфель құрылымында ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 260,34 млрд теңге (портфельдегі үлесі 1,91%), ҚР ЕДБ-дағы депозиттер 201,87 млрд теңге (1,48%), ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 16,14 млрд теңге (0,12%), PPN 11,47 млрд теңге (0,08%), шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары 6,13 млрд теңге (0,04%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 3,27 млрд теңге (0,02%).

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель былайша берілген:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,97%, АҚШ долларында – 30,95%, басқа валютада-зейнетақы активтері портфелінің 0,07% құрады.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 519,54 млрд.теңгені құрады.

Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 3,71% болды.

Бұл ретте 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы 31 шілдеге дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,24% - ды құрады.

Зейнетақы активтерін шоғырландыру аяқталған 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2022 жылғы шілде айының соңына дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік 110,19% -ды құрады. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылына 9,68% - ға жетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – көрсеткіш бере алмайды, себебі нарықтық конъюнктураның үнемі өзгеріп отыруына байланысты.

Эмитенттерді көрсете отырып, ҚР ҰБ басқаруымен қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бар. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.