БЖЗҚ 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін салымшылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 1 345 400 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге аударды.
Өтініштердің басым бөлігі әлі де Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі екенін көрсетеді (17,46%), Астана қаласы (14,09%), Маңғыстау облысы (10,32%). Егер пайдаланылған сомаларды салыстыратын болсақ, алматылықтар (22,57%), одан кейін Маңғыстау облысының тұрғындары (16,48%) және елорда тұрғындары (14,05%) ең көп сома алғанын көруге болады.
Салымшылар өздерінің жинақтарын пайдаланатын мақсаттарды талдай отырып, келесі негізгі бағыттарды атап өтуге болады. Көбіне (барлық орындалған өтініштердің 35,7% немесе аударылған сомалардың 64,3%) - бұл азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) және жеке тұрғын үй салу (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда).
Өтініштердің шамамен 21% (және аударылған соманың 8,2%) одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру мақсатында орындалды.
Өтініштердің осы мәнге жақын мөлшері (20,87%) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша пайдалануы үшін берілген. Бұған барлық аударылған біржолғы төлемдердің шамамен 13% жіберілді.
Өтініштердің шамамен 20% (біржолғы төлемдердің шамамен13%) алғашқы жарнадан бастап қайта қаржыландыруға және толық өтеуге дейінгі ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану мақсатында орындалды.
Егер 2022 жылғы деректерді қарастыратын болсақ, мына деректерді атап өтуге болады. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалануға берілген 610 283 өтінішті орындады. Олар бойынша арнайы шоттарға 703 млрд теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе аз. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы да азайды: 2022 жылы ол шамамен 1,2 млн теңгені, ал 2021 жылы – 3,4 млн теңгені құрады.
Емделу үшін
2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ жалпы сомасы 318,9 млрд теңгеге емделуге 401 975 өтінішті орындады.
Салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 32,3 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша заңнамада белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
2022 жылы емделуге берілген 262 117 өтініш орындалды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. БЖЗҚ денсаулыққа қатысты мәселелерді шешу үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 192,4 млрд теңге аударды. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Емдеуге төленетін орташа сома 2022 жылы 0,7 млн теңгені, 2021 жылы 0,9 млн теңгені құрады.
Көбінесе (өтініштердің 96% астамы) қазақстандықтар өздерінің жинақтарын медициналық мақсаттарда стоматологиялық қызметтерге пайдаланады. Өтініштердің тек 2,8% офтальмологиялық қызметтерді алу мақсатында орындалды.
Жеке басқаруға
2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5 920 өтінішті орындалды. Бұл ретте бірегей өтініш берушілердің жалпы саны 3 397 адам. Бұл өз жинақтарының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияға беруге шешім қабылдаған салымшылардың бар екенін білдіреді. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге.