«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінің активтерді иемдену көздерінің заңдылығын мониторингілеу және талдау шеңберінде онымен үлестес тұлғаларда пайда болуы түсініксіз активтері анықталды.

Биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді.

Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Cот шешімін орындау аясында мемлекет кірісіне қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше тамыры сақ дәуірінен бастау алатын тарихи-мәдени мұра заттары айналдырылды.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның негізгі қағидаты.