Қазақстандық компаниялар курьер қызметіне қымбатырақ төлей бастады, деп хабарлайды LS.
Биыл қаңтар-қыркүйекте бизнеске хат пен карта жеткізу былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,6% қымбаттады.
Бұл ретте ТМД елдеріне жөнелту құны 2,7% өсті, ал басқа елдерге, керісінше, 2,8% төмендеді. Ел ішінде қызмет бағасы 3% өсті.
Заңды тұлғалар үшін сәлемдемелерді жеткізу 2,6% қымбаттады. Шетелге тасымалдау бағасы ТМД елдері үшін 1,2%, басқалары үшін 1% қымбаттады. Ал Қазақстанда бұл баға айтарлықтай – 3,1% өсті.
Жалпы компанияларға арналған курьерлік қызмет 2,6% қымбаттады.
Баға ең көп өсті Павлодар облысында – 4,8%, Ақтөбе облысында – 4,5%, Абай облысында – 4,7%.
Ірі қалаларда да жеткізу құны өсті: Астанада – 4,6%, Алматыда – 2,3%, Шымкентте – 2,1%.