Қазақстанда жалған мекенжайлар бойынша заңды тұлғаларды тіркеу тәжірибесі алынып тасталады. Әділет министрлігі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулерді әзірледі.

Бұл ережелерге қаржылық мониторинг субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) тиісті түрде тексеруін қамтамасыз ететін және жылжымайтын мүлік иелерінің келісімінсіз жалған мекенжайлар бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге жол бермеуді көздейтін нормалар енгізіледі.

Жоба 2025 жылғы 15 қарашаға дейін көпшілік талқылауында болады.