2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстандағы электр қуаты өндірісі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 7,9% өсіп, 74,9 млрд кВт·сағат болды.

Электр энергиясының көздері төмендегіше:

• жылу және газ турбинасынан 66,3 млрд кВт·сағат (елдегі жалпы электр қуаты өндірісінің 88,5%-ы);
• гидро электростанциядан 6,2 млрд кВт·сағат (8,3%);
• жаңартылмалы қуат көздері 2,4 млрд кВт·сағат (3,2%).

Ал электр қуатын тұтыну көлемі 74,1 млрд кВт·сағатты құрады. Республика бойынша тек үш облыста ғана (Атырау, Павлодар, СҚО) электр қуаты артық қалады. Қалған өңірлерде тапшылық бар.

Елдегі электр қуатының 66,5%-ы көмір арқылы, 22,5%-ы газ арқылы, 9,3%-ы гидроэлектр станцияларынан алынады.

Қазіргі таңда электр станцияларының тозу деңгейі орташа есеппен 53%.