Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 22 қыркүйектегі № 657 қаулысымен «KazakhExport» ЭСК» АҚ-на экспортты қолдау бойынша 10 жыл қолданылу мерзімімен 100 млрд 200 млн теңге сомасына мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданды.
30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «KazakhExport» ЭСК» АҚ арасында № 5ГГД024 кепілдік шарты жасалды, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде тіркелді.
Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша 2021 жылға арналған мемлекеттік кепілдік беру лимиті 10 жыл қолданылу мерзімімен 100,2 млрд. теңге мөлшерінде «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 44-VII Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Мемлекеттік кепілдік өңдеуші сектордың отандық экспорттаушыларына қолдау көрсету және жасалған шарттар шеңберінде Қоғамның сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту үшін қажет.
«Қолда бар сыйымдылық шегінде сақтандыру портфелінің деңгейін сақтау Қоғамның сенімділігінің жоғары дәрежесін және тиісінше екінші деңгейдегі банктер, халықаралық қаржы институттары және шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан оған деген сенімді сақтайды. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді отандық экспорттаушылар халықаралық қаржы институттары мен ірі коммерциялық банктерді ұзақ мерзімді қаржыландыруды «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыру өтемімен тарта алады, өздерінің шетелдік контрагенттерін саудалық қаржыландыруға сенім артады, өздерінің экспорттық келісімшарттары бойынша қаржылық тәуекелдерді төмендете алады», - дейді «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.
Ағымдағы жылдың басынан бері «KazakhExport» ЭСК» АҚ құралдары арқылы өңдеуші сектордың қазақстандық экспорттаушыларын сақтандырумен қолдау көлемі 100 млрд теңгеден асты.