Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 97,3% құрады, деп хабарлайды Статистика агенттігі.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6144,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 5,2% кем.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14633,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1,3% артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 3,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,9% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 0,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 1,6 % кеміді.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 1679,1 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,5% артты.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1968,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,3% артық.
«Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 15,6% азайды.
Жүк айналымының көлемі 326,3 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,8%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 81,2 млрд. ж-км құрап, 51,6%-ға кеміді.
«Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 8,7% өсті.
«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 11,9% азайды құрады. Соның ішінде бөлшек сауда көлемі 5608,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 11,7%, ал көтерме сауда көлемі 11953,2 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 10,3% азайды.
2020 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 42521,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 7,9% азайды, соның ішінде экспорт – 26007,3 млн. АҚШ долларын (9,2% аз), импорт – 16514,3 млн. АҚШ долларын құрады (5,8% аз).
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 454643 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 445980 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 321989 құрады, оның ішінде 313609 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы шілдеде 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,4% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,6%, азық-түлік емес тауарларға – 2,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,7% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы шілдеде 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,2% төмендеді.
2020 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109098 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы маусымға қарағанда 5,2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,7%-ке төмендеді.
2020 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 208395 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы шілденің соңына 199,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,2%.