Экономист және Уолл Стриттің қаржы нарығының кәсіби маманы Питер Ирл "Короновирус және экономикалық дағдарыс" (Coronovirus an Economic Crisis) атты ағылшын тіліндегі кітабы жарыққа шықты.

Америка экономикалық зерттеу институты жарыққа шығарған кітапта жаңа дағдарысқа қатысты саяси шешімдер, тарихи қадамдар мен күнделікті жаңалықтардың талдауы қамтылған.

Өзге классикалық еңбектерге қарағанда бұл кітапта айтылған тұжырымдар мен пікірлердің дұрыс-бұрыстығы әлі белгісіз. Әлем пандемиядан жазылмайынша, кітаптың қаншалықты құнды екені де құпия сақталмақ. Еңбек сонысымен де қызықты.

Ал бүгінге дейінгі экономикалық дағдарыстар мен тоқыраулар кезінде саясаткерлер, бизнесмендер мен халықтың арасындағы мүдде қайшылықтары туралы ұтымды жазылған экономикалық еңбектер қайсы?

"Нарық" басылымы әлем халықтары тарапынан жоғары бағаланған үздік еңбектердің тізімін құрастырды.

  1. "Қиын кездегі дұрыс экономика" (Good Economics for Hard Times) 2019 жылы PublicAffairs басылымынан шыққан кітап ағылшын тілінде жарияланған. Авторлары Массачусетс технология университетінің профессорлары Абхиджита В. Банерджи және Эстер Дюфло. Кітап заманның ең күрделі мәселелеріне жауап іздейді.
  2. "Дағдарыс экономикасы" (Crisis Economics). Экономист Нориел Робини мен журналист және экономика тарихының профессоры Стефен Мим 2011 жылы осы еңбектері арқылы келе жатқан қаржы дағарысын ескерткен. АҚШ-тағы 2011-2012 жылдары туындайтын қаржы дағдарысынан бұрын шыққан бұл кітапта әне-мәне келгелі жатқан тоқыраудың себептері мен салдары толық айтылып қоймай, оның алдын алу тәсілдері де ұсынылады.
  3. "Халық даналығының оңбай қателесуі" (A Colossal Failure of Common Sense). Қаржы дағдарысының ең үлкен құпиясы әлі күнге ашылмай қалды. Уолл Стриттің бұрынғы инсайдері Ларри МакДональдстың 2011 жылы жазған кітабы АҚШ-тағы қаржы дағдарысының әлем экономикасын қалай құлатқанын ашады.
  4. "Өзгеріс пен үрку" (The Shift and the Shocks). Әлемдегі ең беделді экономитердің бірі Мартин Уолфтың 2015 жылы жарыққа шығарған бұл еңбегі 2007 жылдан басталған қаржы дағдарысының себептерін ашып, қазіргі экономикалық және мемлекеттік жүйелерді талдайды.
  5. "Бұрын-соңды болмаған сауда" (The Greatest Trade Ever). The Wall Street басылымының арнайы авторы Григорий Зукерман 2010 жылы мемуар кітабын шығарды. Онда АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың алғышарттары туралы айтылады. Кітаптағы оқиға 2006 жылы өрбиді.