YE концертіне билеттердің жартысы алғашқы күні Freedom SuperApp-та сатылып кетті

YE концертіне билеттердің жартысы алғашқы күні Freedom SuperApp-та сатылып кетті

Алғашқы күннің нәтижесі  

14 тамызда Алматыда өтетін YE концертіне Freedom SuperApp арқылы эксклюзивті алдын ала билет сатылымы 21 шілдеде басталып, алғашқы күні билеттің жартысына жуығы өтіп кетті. Билет сатылымы жалғасуда – тек Freedom SuperApp қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Сұраныс күтілген межеден жоғары болды: сатылым сағат 12:00-де басталған кезде қосымшаға бір сәтте мыңдаған қолданушы кірді. Бағасы ең қолжетімді санаттар алғашқы минуттарда-ақ өтіп кетті. Бұл сұранысқа ие іс-шаралар үшін қалыпты жағдай.

Билетті алыпсатарлардан қорғау үшін ұйымдастырушы арнайы шектеу енгізді: бір қолға 4 билеттен артық сатылмайды. Бұл концертке отбасымен немесе достармен бірге баруға жеткілікті. Сондай-ақ,  саналы түрде қабылданған шешім: концерттің алып-сату нысанына айналдырмай, шынайы фанаттардың баруына мүмкіндігінше жағдай жасау маңызды.

Электронды кезек әлемдік тәжірибе

Билет сату басталған күні платформа жұмысында техникалық ақау болған жоқ. Кейбір қолданушылар электронды күту бөлмесін жүйенің ақауы деп қабылдады. Алайда бұл жүйелік қате емес, керісінше платформаның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін іске қосылатын құрал. Сондай-ақ, барлық сатып алушы үшін әділ кезек ұйымдастырып, жүктемені басқару үшін қолданылатын стандартты тәжірибе болатын.

Бұл қалай жұмыс істейді: күту бөлмесі сұраныс өскен кезде автоматты түрде іске қосылады және қолданушы ағынын реттеп отырады. Әрбір қолданушыға кезек нөмірі беріледі, оның алдында тұрған клиент төлемді аяқтаған кезде жаңа кезек біртіндеп ашылады. Бет ашық тұрғанда қайта-қайта кіріп-шығу немесе жаңарту қажет емес, кезектегі орынды сақтап қалу үшін ашық тұрғаны жеткілікті.

Ticketmaster, AXS, See Tickets, Eventim секілді  әлемдік ірі билет платформаларының бәрі осындай стандартты құрал бар. Басқа елдерде Taylor Swift, Coldplay немесе YE сияқты деңгейдегі әртістердің концерттеріне билет сату кезінде кезекке тұру –  қалыпты жағдай. Электронды кезек болмаса, ондаған мың қолданушыны бір уақытта кіріп,  техникалық ақауға және төлем кезінде қателікке әкелуі мүмкін.

Бiз де кезектi басқарудың әлемдiк тәжирибедегі дəл сондай құралдарды пайдаланамыз. Жүйе «бірінші үлгерген – бірінші алады» (first in, first out) қағидасы бойынша жұмыс істейді: кезекте орынды кім бұрын алып үлгерсе, сол билетке бірінші боп қол жеткізеді.

Алдын ала сатылымның алғашқы минуттарында Freedom SuperApp қосымшасына бір уақытта өте көп пайдаланушы кірді. Күту бөлмесі талапқа сай жұмыс істегендіктен, платформа жүктемені толық көтерді. Айта кету керек, мұндай ауқымды шараларда билет алғысы келетіндердің қатары өте көп болады: бір қолданушы орын таңдап, төлем жасағанша, басқа біреу сол орынды дәл сол сәтте таңдап, төлемді тезірек аяқтауы мүмкін. Жүйе әділ жұмыс істейді: төлемді кім бірінші жасап үлгерсе  –  билет соған бұйырады.

Ваучер және билетті жіберу

Төлемді сәтті жасаған барлық сатып алушы өзі көрсеткен email поштасына ваучер алады. Ал, концертке кіруге арналған бірегей QR-коды бар негізгі билет іс-шара басталуына 24 сағат қалғанда –  13 тамыз күні поштасына жіберіледі.

Егер ваучер келмесе, «Спам» бөлімін және қосымшадағы «Менің билетім» бөлімін тексеруге кеңес береміз. Барлық сұрақ бойынша Freedom Афиша қолдау қызметіне хабарласуға болады.

Fan2Fan қайта сату сервисінің іске қосылуы

Әлеуметтік желідегі жоғары белсенділікке байланысты Freedom Афиша командасы Fan2Fan сервисін, 22 шілдеде іске қосу туралы шешім қабылдады.

Fan2Fan – Freedom Ticketon.kz негізінде билетті қауіпсіз жолмен қайта сатуға арналған ресми сервис. Ол нарықта бұрыннан келе жатқан сұранысқа жауап ретінде ашылды: бұрын билетті қайта сату стадион маңында, әлеуметтік желіде, хабарландыру алаңдарында жүретін. Бірақ ол кезде билеттің түпнұсқалығы мен ақшаны қайтаруға ешқандай кепілдік болмайтын. Fan2Fan осы мәселені шешеді: егер сіз билет сатып алып, бірақ іс-шараға бара алмайтын болсаңыз – оны ресми түрде сата аласыз. Егер концертке барғыңыз келсе – толық кепілдігі бар билет таба аласыз. Әрбір сатушы тексеріледі, әрбір билет –  түпнұсқа, ал қаражатыңыз толық қорғалады.

Fan2Fan арқылы билет сату қалай жүзеге асады:Fan2Fan арқылы қайта сату үшін сатушының ваучері автоматты түрде жойылады (деактивация) және сатып алушыға дәл сол орындарға жаңа ваучер шығарып береді. Осылайша, билет  толығымен жаңа иесіне өтеді – және 13 тамызда концертке кіруге мүмкіндік беретін бірегей QR-коды бар билет жаңа иесіне жіберіледі.

Назар аударатын жайт, бұл процесс тек Fan2Fan арқылы ресми сайты арқылы сатылған кезде ғана жұмыс істейді. Егер ваучер платформадан тыс, басқа қолдан қолданушыға сатылса – жүйе иесінің ауысқанын білмейді және 13 тамызда билет алғашқы сатып алушының email поштасына жіберіледі. Бұл жағдайда сатушыда да, сатып алушыда да ешқандай кепілдік болмайды. Сол себепті тек Fan2Fan ресми сервисін пайдалануға кеңес береміз.

Жалпы сату күні туралы

YE концертіне билеттердің негізгі сатылымы 22 шілдеде Ticketon.kz сайтында сағат 12.00-де басталады. Мұндай шешім жоғары сұранысқа жауап ретінде қабылданды. Біз бірінші күні ерекше қызығушылықты және билеттердің жартысы сатылып кеткенін көре отырып, әртістің концертіне билет сатып алғысы келетін жандардың көпшілігіне мүмкіндік бергіміз келеді. Бұл күні билеттер барлық санатқа, соның ішінде халықаралық картасы бар қолданушыларға да қолжетімді болады.