Xiaomi компаниясы 2024 жылы Xiaomi Fan (LFF) жыл сайынғы фестивалін өткізетінін жариялады. Бұл іс-шара жыл сайын компанияның құрылу мерейтойы - 6 сәуірде өткізіледі, сондай-ақ ол Xiaomi мен оның бүкіл әлемдегі жанкүйерлерінің бірлескен мерекесі. Жанкүйерлерінің қолдауына өз ризашылығын білдіріп, айрықша науқандар мен іс-шаралар өткізеді. Биылғы жылы фестиваль «Наш эпический момент» («Біздің эпикалық сәт») ұранымен өтеді, бұл жанкүйерлерді ортақ естеліктерді еске түсіруге және жаңа оқиғалар күтуге шақырады.
Ерекше жағдайға арналған ерекше құрылғы
Xiaomi XFF құрметіне Redmi Note 13 желісін толықтыратын Radmin Note 13 PRO+ 5G арнайы лимитті нұсқасын ұсынады. Бұл айрықша құрылғы Xiaomi Fan Festival логотипімен безендірілген ерекше күміс түсті корпусымен ерекшеленеді. Күрделі безендіру процесінің нәтижесінде жасалған CMF артқы панелінің негізіне әйнекпен қапталған күміс түсті таспа кіреді. Онда нанолитография көмегімен мұқият орындалған супер-логотип орналасқан. Нәтижесінде жарық сәулесінің сыну әсері пайда болып, логотип жарық пен көлеңкенің таң қалдыратын ойынымен жанданады.
Жаңа өнім Xiaomi Fan Festival логотипі және күміс түсті өрнегі бар эксклюзивті қорапта жеткізіледі. Құрылғыда құрылғының артқы қақпағының дизайнын толықтыратын жұмыс үстеліне арналған бірегей тұсқағаздар қолжетімді. Сонымен қатар жиынтықта фестиваль логотипінің дизайн элементтері бар Xiaomi Fan Festival тақырыбындағы стикерпакты табуға болады. Жапсырмалар топтамасы Xiaomi-дің технологиялық артықшылығын көрсетіп қана қоймай, жанкүйерлерге брендпен байланысын сезінуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде лимитті шығарылымдағы құрылғы Xiaomi Fan Festival-дің ұмытылмайтын естелігіне айналады.
6-14 сәуір аралығында Radmi Note 13 Pro+ 5G арнайы нұсқасын Xiaomi stores-та (mi.com.kz), Мечта (mechta.kz), Белый ветер (Shop.kz) және Технодом (technodom.kz) дүкендер желісінде мына бағамен сатып алуға болады:
Redmi Note 13 Pro+/12/512 — 229 990
Бұдан басқа Xiaomi Fan Festival 2024 аясында компания өз пайдаланушылары үшін арнайы ұсынысты іске қосты - ең танымал бірнеше құрылғыға жеңілдік. Оларды 5-14 сәуір аралығында брендтің барлық серіктестерінен арнайы бағамен сатып алуға болады.
Сонымен қатар, Xiaomi Fan Festival 2024 аясында компания өз пайдаланушылары үшін арнайы ұсынысты - ең танымал бірнеше құрылғыларға жеңілдіктерді бастады. 5 сәуірден 14 сәуірге дейін оларды барлық бренд серіктестерінен арнайы бағамен сатып алуға болады (50%-ға дейін жеңілдік).
Xiaomi жанкүйерлері фестивалінің тарихы
Алғаш рет 2012 жылы компанияның құрылуының екінші жылдығында өткізілген Xiaomi Fan Festival (XF) жыл сайынғы мерекеге айналып, Xiaomi-дің өз жанкүйерлеріне ризашылығын білдіру үшін 6 сәуірде атап өтіледі.
XFF құрлықтық Қытайда басталды, содан кейін 2015 жылы Үндістан мен Индонезияда өткізілді, ал 2018 жылы еуропалық нарықтарға шықты. Қазір фестиваль бүкіл әлем бойынша 40-тан астам ел мен аймақты қамтиды.
Xiaomi корпорациясы туралы
Xiaomi корпорациясы 2010 жылдың сәуірінде негізін қалады және 2018 жылғы 9 шілдеде Гонконг қор биржасының Негізгі тақтасына акцияларын орналастырды. Xiaomi - бұл IoT платформасымен қосылған смартфондар мен ақылды жабдықтарға негізделген тұтынушылық электроника және ақылды құрылғыларды өндіретін компания.
Xiaomi «Пайдаланушылармен дос болу және пайдаланушылардың жүрегінен орын алатын ең керемет компания болу» мақсатын ұстанып, үнемі инновацияларға, жоғары сапалы тұтынушылық тәсілге және операциялық тиімділікке ұмтылады. Компания инновациялық технологиялардың арқасында әлемдегі барлық адамдарға жақсы өмір сүруге мүмкіндік беру үшін таңғажайып өнімдерді адал бағамен тынбай жасайды.
Xiaomi смартфондардың өндірісі бойынша әлемдегі жетекші компанияларының бірі болып табылады. 2023 жылдың қыркүйегінде MIUI пайдаланушыларының саны бүкіл әлем бойынша шамамен 623 миллионға жетті. Сонымен бірге компания AIoT (AI+IoT) әлемдегі жетекші тұтынушылық платформасын құрды, оған 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 699 миллионға жуық смарт-құрылғы қосылды (смартфондарды, ноутбуктерді және планшеттерді қоспағанда). Xiaomi өнімдері әлемнің 100-ден астам елі мен аймағында ұсынылған. 2023 жылдың тамызында Xiaomi компаниясы бес жыл қатарынан Fortune Global 500 тізіміне кіріп, 360-шы орынға ие болды.
Xiaomi Hang Seng индексінің, Hang Seng China Enterprises индексінің, Hang Seng TECH индексінің және Hang Seng China 50 индексінің құрамына кіреді.