Халықтың 90 күннен артық кешіктірген несиесі азайып келеді

Халыққа берілген несие портфелі 2026 жылғы шілдеде 1,2%, 26,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,5% өсім), оның ішінде кепілсіз тұтынушылық қарыздың өсуі есебінен тұтынушылық қарыздар 0,7%, 17,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 4,6% өсім), ипотекалық қарыздар2,4%, 7,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 9,7% өсім).

Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі (NPL90+) деңгейі 0,1 п.т.,4,7% немесе 1,2 трлн теңгеге дейін азайды.

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 60,4%-ды (01.07.2026ж. – 60,7%) құрайды.