Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттер портфелі 2026 жылғы қыркүйекте халыққа және бизнес субъектілеріне берілген кредиттердің өсуі есебінен 0,6% ұлғайып, 43,1 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 7,2% ұлғайды).
Ұлттық валютадағы кредиттер 0,9%, 38,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 1,9%, 4,3 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2026 жылғы 1 қазанда 90,0%-ды құрап, 0,3 п.т ұлғайды.
Екінші деңгейдегі банктердің жаңа кредиттер беру көлемі 2026 жылғы қыркүйекте 3,6 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы қыркүйек айына қарағанда 3,2% көп.
Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі 2026 жылғы қыркүйекте ШОБ субъектілеріне қарыздар портфелінің өсуі есебінен 0,4%, 16,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,4% ұлғайды). ШОБ субъектілеріне қарыздар портфелі 1,0%, 8,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 17,0% өсті). Бұл ретте ірі бизнеске кредиттер портфелі негізінен жекелеген банктегі ірі көлемдегі қарызды өтеу нәтижесінде 0,9%, 5,0 трлн теңгеге дейін қысқарды (2026 жылдың басынан бері 8,7% азайды). Жеке кәсіпкерлерге кредиттер портфелі 0,9%, 3,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 9,7% өсті).
2026 жылғы қыркүйекте экономика салалары бойынша кредиттік портфель көп бағытты серпінмен сипатталды. Кредиттер портфелі өнеркәсіпте 2,0%, 5 328 млрд теңгеге дейін, байланыс және ақпарат саласында – 2,1%, 299 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтер саласында – 1,2%, 2 976 млрд теңгеге дейін азайды. Өз кезегінде кредиттер портфелі саудада 1,3%, 4 260 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 3,0%, 546 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 4,9%, 994 млрд теңгеге дейін, көлік саласында – 9,3%, 1 147 млрд теңгеге дейін, ал жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 0,1%, 872 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы қыркүйекте бизнес субъектілеріне 2,0 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл негізінен ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 41,7% ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 15,1% артық.
Халыққа берілген кредиттер портфелі 2026 жылғы қыркүйекте 0,7%, 26,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,6% өсті), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 0,6%, 17,7 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 6,5%, өсті), ипотекалық қарыздар – 1,3%, 7,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 12,9% өсті).
2026 жылғы қыркүйекте халыққа 1,6 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,8% аз. Төмендеу негізінен кепілсіз тұтынушылық қарыздар берудің 7,6% қысқаруына байланысты болды.
2026 жылғы қыркүйекте бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі негізінен ірі бизнеске берілген кредиттер бойынша мөлшерлеменің 18,1%-ға дейін 0,7 п.т-қа азаюы есебінен 0,3 п.т-ға 21,0%-ға дейін азайды. Халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі өткен айдың деңгейінде сақталды және 20,6%-ды құрады. Бұл ретте ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,3 п.т-ға 11,0%-ға дейін ұлғайды.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі 1,8 трлн теңгені құрап, 0,1 п.т-ға 3,9%-ға дейін азайды.