2021 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 65 мың неке қиылды. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 44,2% көп, деп хабарлайды ranking.kz.

Былтыр некелесу көрсеткішінің алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,4% азайып кеткені есімізде.

Ал ажырасу саны қаңтар-шілде аралығында 2,9% азайып 9,4 мың болды. Былтыр ажырасу саны тіпті 2,3 азайғанын білеміз.

Некелесудің басым бөлігі қалалық жерлерге тиесілі екені белгілі. Аталған уақыт аралығында қиылған некелердің 69%-ы, яғни 44,8 мыңы қалалық жерлерде болса, қалған 20,1 мыңы ауылда қиылған. Өсім жағынан қалада қиылған неке саны 48,2%, ауылда 36,1% ұлғайды.

Есесіне ажырасу да қалада көбірек болып жатыр. Ажырасудың 77,4%-ы қалада болса, қалғаны ауылдық жерлерге тиесілі.

Қиылған некенің үштен бірі Алматы қаласы (8,3 мың), Түркістан (7,2 мың) мен Алматы (6,7 мың) облыстарына тиесілі.

Ал 1000 адамға шаққанда ең көп некелесу Нұр-Сұлтан қаласына (9,2) тиесілі, артынша Алматы қаласы (8,4) және Атырау облысы (8).

Ажырасудың да үштен бірі үш мына үш өңірге тиесілі: Алматы қаласы (1,3 мың), Алматы облысы (954) және Қарағанды облысы(931).

1000 адамға шаққанда ең көп ажырасу Павлодар облысы (1,5), Нұр-Сұлтан (1,4) және Қарағанды облысы(1,4).