2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан бойынша үй бағасы орташа есеппен 6 пайыз қымбаттады, деп хабарлайды krisha.kz.
Өсім қарқыны бойынша көш басында Өскемен. Мұндағы шаршы метр жыл басынан бергі алты айда 11.8 % өскен.
Одан кейінгі Таразда баға 9.2%, Семейде 8.8%, Оралда 8.6%, Павлодарда 8.1%, Шымкентте 7.9% қымбаттады.
Петроравлда 7.8%, Қарағандыда 7%, Көкшетауда 6.7%, Талдықорғанда 6.1% өскен.
Ақтөбе 5.3%, Қызылорда 4.7% көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен.
Алматыда баға бар болғаны 4.7% қымбаттаса, Қостанайда 4.5% өскен.
Баға айтарлықтай өспеген қалалар Нұр-Сұлтан (2,8%), Атырау (1,3%) және Ақтау қалалары (0,3%).
Қалалар бойынша үйдің бағасы шамамен төмендегідей:
| Қала | теңге/1 шаршы метр |
|---|---|
| Алматы | 440 500 |
| Нұр-Сұлтан | 347 920 |
| Шымкент | 268 720 |
| Атырау | 266 800 |
| Өскемен | 252 020 |
| Петропавл | 250 380 |
| Қарағанды | 247 420 |
| Көкшетау | 232 140 |
| Талдықорган | 228 060 |
| Қостанай | 223 480 |
| Орал | 222 180 |
| Павлодар | 210 940 |
| Семей | 206 940 |
| Ақтау | 201 400 |
| Тараз | 186 960 |
| Ақтөбе | 159 140 |
| Қызылорда | 143 620 |