Үй бағасы құрылыстың өзіндік құнынан екі еседен артық көп, деп жазады LS басылымы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айында республика жаңа үйлердің орташа бағасы 343,8 мың теңге болды. Бұл шілде айындағыдан 1,1% артық.

Ал жыл басынан бері үй бағасы 10,9% қымбаттаған.

Есесіне құрылыстың өзіндік құны жыл басынан бері 2% ғана қымбаттап 150,6 мың теңгені құрады. Нәтижесінде құрылыс компаниялары үйдің бағасын құрылыс шығынынан 2,3 есе қымбатқа сатып отыр. Дегенмен, басылымның мәліметінше, бұның ішіне үйдің санаты мен қызметкерлердің жалақысы кірмеуі мүмкін.

Құрылыс шығыны мен үй бағасының ең алшақ өңірі Маңғыстау облысы. Маңғыстауда бір шаршы метр үй салуға орташа есеппен 67,8 мың теңге жұмсалып, шаршы метр соңында 250,8 мың теңгеге сатылады. Яғни айырмашылық 3,7 есе. Бұл өңір құрылыстың ең арзан өңірі екенін де айта кету керек.

Құрылыс құны мен үй бағасының айырмашылығы ең аз өңір Алматы облысы мен Жамбыл облысы. Мұндағы айырмашылық бар болғаны тиісінше 1,1 және 1,2 есе. Алматы облысының қөұрылыс компаниялары үйді 170,4 мың теңгеге салып, 190 мың теңгеге сатса, жамбылдық үй 124,1 мың теңгеге салынып, 149,7 мың теңгеге сатылады екен.

Жалпы, үй бағасы ең қымбат өңірлер Нұр-Сұлтан қаласы (436 мың теңге), Алматы қаласы (408,6 мың теңге),  Шымкент қаласы (357,6 мың теңге) және Атырау қалалары (314,5 мың теңге) болса, ең арзаны Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалалары.

Ал құрылыс құны ең қымбат өңірлер Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда, Өскемен, Алматы, Түркістан қалалары. Ал ең арзаны Ақтау, одан кейін Орал мен Ақтөбе.

Бір шаршы метрдің орташа нарықтық бағасы

 

Бір шаршы метрдің өзіндік құны Айырмашылық
Қазақстан 343,8 мың теңге 150,6 мың теңге 2,3 есе
Ақтау 250,8 мың теңге 67,8 мың теңге 3,7
Қарағанды 270 мың теңге 105,2 мың теңге 2,6
Алматы 408,6 мың теңге 155,6 мың теңге 2,6
Қарағанды 270 мың теңге 105,2 мың теңге 2,6
Нұр-Сұлтан 436 мың теңге 182,2 мың теңге 2,4
Атырау 314,5 мың теңге 129,5 мың теңге 2,4
Орал 212,8 мың теңге 100,5 мың теңге 2,1
Петропавл 249,5 мың теңге 119,1 мың теңге 2,1
Павлодар 265,1 мың теңге 131,2 мың теңге 2
Көкшетау 248,6 мың теңге 122,2 мың теңге 2
Қостанай 269 мың теңге 131,9 мың теңге 2
Шымкент 357,6 мың теңге 181,9 мың теңге 1,9
Ақтөбе 195,7 мың теңге 103,1 мың теңге 1,9
Түркістан 274,2 мың теңге 148,8 мың теңге 1,8
Өскемен 271,5 мың теңге 169,3 мың теңге 1,6
Тараз 149,7 мың теңге 124,1 мың теңге 1,2
Талдықорған 190 мың теңге 170,4 мың теңге 1,1
Қызылорда 164,8 мың теңге 169,4 мың теңге -1