Үй бағасы құрылыстың өзіндік құнынан екі еседен артық көп, деп жазады LS басылымы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айында республика жаңа үйлердің орташа бағасы 343,8 мың теңге болды. Бұл шілде айындағыдан 1,1% артық.

Ал жыл басынан бері үй бағасы 10,9% қымбаттаған.

Есесіне құрылыстың өзіндік құны жыл басынан бері 2% ғана қымбаттап 150,6 мың теңгені құрады. Нәтижесінде құрылыс компаниялары үйдің бағасын құрылыс шығынынан 2,3 есе қымбатқа сатып отыр. Дегенмен, басылымның мәліметінше, бұның ішіне үйдің санаты мен қызметкерлердің жалақысы кірмеуі мүмкін.

Құрылыс шығыны мен үй бағасының ең алшақ өңірі Маңғыстау облысы. Маңғыстауда бір шаршы метр үй салуға орташа есеппен 67,8 мың теңге жұмсалып, шаршы метр соңында 250,8 мың теңгеге сатылады. Яғни айырмашылық 3,7 есе. Бұл өңір құрылыстың ең арзан өңірі екенін де айта кету керек.

Құрылыс құны мен үй бағасының айырмашылығы ең аз өңір Алматы облысы мен Жамбыл облысы. Мұндағы айырмашылық бар болғаны тиісінше 1,1 және 1,2 есе. Алматы облысының қөұрылыс компаниялары үйді 170,4 мың теңгеге салып, 190 мың теңгеге сатса, жамбылдық үй 124,1 мың теңгеге салынып, 149,7 мың теңгеге сатылады екен.

Жалпы, үй бағасы ең қымбат өңірлер Нұр-Сұлтан қаласы (436 мың теңге), Алматы қаласы (408,6 мың теңге),  Шымкент қаласы (357,6 мың теңге) және Атырау қалалары (314,5 мың теңге) болса, ең арзаны Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалалары.

Ал құрылыс құны ең қымбат өңірлер Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда, Өскемен, Алматы, Түркістан қалалары. Ал ең арзаны Ақтау, одан кейін Орал мен Ақтөбе.

Бір шаршы метрдің орташа нарықтық бағасы

 

Бір шаршы метрдің өзіндік құныАйырмашылық
Қазақстан343,8 мың теңге150,6 мың теңге2,3 есе
Ақтау250,8 мың теңге67,8 мың теңге3,7
Қарағанды270 мың теңге105,2 мың теңге2,6
Алматы408,6 мың теңге155,6 мың теңге2,6
Қарағанды270 мың теңге105,2 мың теңге2,6
Нұр-Сұлтан436 мың теңге182,2 мың теңге2,4
Атырау314,5 мың теңге129,5 мың теңге2,4
Орал212,8 мың теңге100,5 мың теңге2,1
Петропавл249,5 мың теңге119,1 мың теңге2,1
Павлодар265,1 мың теңге131,2 мың теңге2
Көкшетау248,6 мың теңге122,2 мың теңге2
Қостанай269 мың теңге131,9 мың теңге2
Шымкент357,6 мың теңге181,9 мың теңге1,9
Ақтөбе195,7 мың теңге103,1 мың теңге1,9
Түркістан274,2 мың теңге148,8 мың теңге1,8
Өскемен271,5 мың теңге169,3 мың теңге1,6
Тараз149,7 мың теңге124,1 мың теңге1,2
Талдықорған190 мың теңге170,4 мың теңге1,1
Қызылорда164,8 мың теңге169,4 мың теңге-1