2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда ұн өндірісі 6,8% көбейіп 2,6 млн тоннаға жетті.
Өңірлер бойынша ең көп өндіретін Қостанай облысында өндіріс былтырғыдан 1,1% төмендеп 826,2 мың тоннаны құрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 12 айында өндіріс алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6% өсіп 3,4 млн тоннаға жеткен еді.
Үш тоқсанның қорытындысы бойынша отандық өндірушілер ішкі сұранысты 99,5% қамтамасыз етті. Қалған 0,5% шетелден әкелінді.
Импорт былтырғыдан 16,4% өсіп 10 мың тоннаға жетті.
Ал экспорт 14,9% төмендеп 954,5 мың тонна болды. Елде өндірілген ұнның 44,5%-ы шетелге сатылды.
Ішкі нарықта 1,2 млн тонна ұн сатылды. Бұл былтырғыдан 3,5% көп.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша экспорттан түскен табыс 314 млн долларға жетті.