Жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы биыл екінші тоқсанда 287,1 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9% өсті. Бұл ретте номиналды жалақының сатып алу қабілеті 7,9% өсті, деп хабарлайды ranking.kz.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда орташа айлық атаулы жалақы 233,5 мың теңгені құрады, бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 18% көп, ал сатып алу қабілеті 9,8% көп болған.
Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн есепке алғанда қызметкерлердiң ең жоғары орташа айлық атаулы жалақысы 2022 жылғы II тоқсанда тау-кен өнеркәсiбi мен карьерлерді қазу, сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметi салаларында: тиісінше 561,6 мың және 540,4 мың теңге.
Бұдан кейін ақпарат және байланыс (378,9 мың теңге), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (378,7 мың теңге), сондай-ақ көлік және қоймалау (330,4 мың теңге) салаларында.
2021 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда жалақының сатып алу қабілетінің айтарлықтай өсуі көлік және қоймалауда (17,6%), құрылыста (14,7%) және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде (13,6%).
Бұл ретте тек денсаулық сақтау саласында сатып алу қабілеті 2021 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 1,6% төмендеді (басқа да қызмет түрлерінде тіпті 7,1% төмендеді).
Ең төмен орташа айлық атаулы жалақы сумен жабдықтау, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және орналастыру, ластануды жою қызметінде (167,9 мың теңге), ауыл, орман және балық шаруашылығында (171,1 мың теңге), өнер , ойын-сауық және демалыс саласында (179,4 мың теңге) байқалды.
Өңірлер бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы мұнай өндіруші Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелді: тиісінше 471,9 мың және 414,8 мың теңге. Одан кейінгі орында Ұлытау облысы (364 мың теңге), сондай-ақ мегаполистер – Астана (346,7 мың теңге) және Алматы (314,8 мың теңге).
Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (212,1 мың теңге), Шымкентте (218,7 мың теңге) және Қостанай облысында (223,8 мың теңге) байқалды.
2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жалақының сатып алу қабілеті Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында – елордада 1,1%-дан Қызылорда облысында 16%-ға дейін өсті.