Қаңтар-маусым айларында Ұлттық қордан 2,76 трлн теңге алынды, бұл қорға түскен қаражатпен парапар сома.
Былтырғымен салыстырғанда теріс тенденция байқалады: түсімдердің көлемі азайып, ақша алу көбейіп келеді.
Мәселен, қаңтар-маусым айларында Ұлттық қорға 2,78 трлн теңге (бір жылда -6,6%) түсіп, алынған ақша 2,76 трдн теңгеге (+26,5%) өсті. Оның үстіне 464 млрд теңге инвестициялық кірісті есепке алмағанда, кіріс көлемі одан да аз – 2,32 трлн теңге.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы айларда республикалық бюджетке Ұлттық қордан қосымша 467,4 млрд теңге – Қазатомөнеркәсіп акцияларын сатып алу есебінен трансферттер бойынша бекітілген лимиттен асып түседі.