Қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қаражат жинақтауды қамтамасыз ету Ұлттық қордың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында қорды «жеп қою» тәуекелдерін болдырмау мақсатында ІЖӨ-нің 30%-ы деңгейінде қор көлемінің төмендемейтін қалдығы белгіленді, яғни Ұлттық қордың активтері шекті мәннен төмендеген жағдайда трансферттердің мөлшері тиісті шамаға азайтылуы тиіс., дейді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Активтерді аллокирлеу тәуекелінің теңгерімді деңгейі кезінде инвестициялардан түсетін кірістілік болашақ ұрпақ үшін Ұлттық қорда қаражат жинақтау көздерінің бірі болып табылады. Мен бұған дейінгі сұхбаттарымның бірінде айтып өткендей, Ұлттық Банк дағдарыс орын алған 2020 жылы қордың инвестицияланған активтерін сақтау жөнінде, атап айтқанда, ҰҚ тұрақтандыру портфелінде «қауіпсіздік кепілі» ретінде 5 млрд АҚШ доллары мөлшерінде төмендемейтін қалдықты белгілеу және активтердің консервативті аллокирлеуден теңгерімді аллокирлеуге көшу мерзімдерін ұзарту сияқты шаралар қабылдаған, бұл қолайсыз уақытта активтердің тәуекелді сыныптарына инвестициялауды болдырмауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Ұлттық Банк активтердің теңгерімді аллокирленуіне көшу және активтердің неғұрлым кірісті сыныптарының үлесін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. 2021 жылдың басынан бастап дамушы елдердің МБҚ-ға салынатын инвестициялары 1,3 млрд АҚШ долларына және инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар 500 млн АҚШ долларына ұлғайтылды. Алдын ала деректер бойынша осы жылдың 5 айында Ұлттық қор активтерінің кірістілігі 1,64 млрд АҚШ долларын немесе 2,84%-ды құрайды.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірлесіп Ұлттық қордың жинақтау функциясын қамтамасыз етуге ықпал ететін қосымша тетіктерді әзірледі. Осылайша, 2023 жылдан бастап кепілдік берілген трансферттің мөлшерін айқындау контрциклдық бюджет қағидасына негізделетін болады.