Ұлттық компаниялардың тауар мен қызмет сатудан түскен кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылғыдан 3,5% көп.
Алайда салық төлегенге дейінгі табысы 63,8%, яғни 464,4 млрд теңгеге төмендеп кеткен. Яғни ұлттық компаниялардың шығыны көбейді деген көз.
Мұның себебі компаниялардың өндірістік тиімділігі 2019 жылғы 55,1%-дан 2020 жылы 18,2%-ға құлдыраған.
"Самұрық-Қазына" АҚ активтері ішкі жалпы өнімнің 39%-ына парапар. Самұрыққа тиесілі компаниялардың көбі тау-кен өндірісінде. Бұл былтыр ең көп зардап шеккен салалардың бірі. Самұрыққа тиесілі осы саладағы компаниялардың шығыны басқа да компанияларға өз әсерін тигізбей қоймады.
Холдингтің былтыр мұнай сатқандағ ытабысы 44,1%, мұнай өнімдерінен табысы 28,8%, газ сату мен өңдеуден 7,4%, мұнай мен әуе тасымалынан тиісінше 25,4% және 50,8% азайды.
Алайда холдингтің алтын сатудан табысы+46,3%, электр қуаты тасымалынан +29,3%, телекоммуникациядан +20,4% көбейді.