Квазимемлекеттік сектор мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі және ұлттық мәселелерді шешуге атсалысатын кез келді, деді Жоғарғы есеп палатасының төрайымы Наталья Годунова.
Оның айтуынша, мемлекет тарапынан ондаған жылдар бойы қолдау көрсетілуінің әсері болуы керек. Жаңа форматтағы ұлттық холдингтер экономиканың нақты секторын дамытуда флагман болуға қабілетті. Ал олардың дивидендтік және қарыздық саясаты мемлекеттің қатаң бақылауында болуы керек.
«Қазір борыштық жүктеме артып келеді, ал дивидендтер республикалық бюджет үшін мардымсыз кіріс. Жалпы басқарушы холдингтердің қызметі ашық емес, ал олардың парламентке есеп беруі әдетте жоқ. Міне, біз сіздердің назарларыңызды аударатын концептуалды мәселелер және сол резервтерді пайдалану, біздің ойымызша, нәтижелерді басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді ол Мәжіліс отырысында.
Наталья Годунова Палата барлық анықталған проблемалық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар әзірлегенін қосты.