Қазақстандық блокчейн технологиялары қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев статистикалық деректердегі үлкен алшақтыққа назар аударды: Қаржы нарығы реттеу және дамыту агенттігінің сәуірдегі мәліметінше, елдегі криптовалюталардың жалпы айналымы 2023 жылдың соңында 4,1 млрд долларды құрады. Алайда Астана халықаралық қаржы ориалығының хабарлауынша, лицензияланған алаңдардағы айналым 350 млн доллар. Яғни, 3,75 млрд доллардың криптовалютасы көлеңкеде деген сөз.
Еске салайық, бір күн бұрын Ұлттық банк 1,5 млн қазақстандық «бақыланбайтын халықаралық орталықтандырылмаған крипто биржаларына» қатысатынын жариялаған болатын.