ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі 1 шілдеге дейін астанаға көшті.
Ұлттық Банктің жаңа заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57А.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласында Әйтеке би, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды.
ҚР ҰБ өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара іс-әрекетті жалғастырады.