Қазақстан Ұлттық Банкі цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаның бірінші кезеңінің нәтижелеріне қатысты Баяндаманы (White Paper) жариялады. Жоба биыл қолға алынды және оны ҚҰБ қаржы нарығы, сарапшылар қауымдастығы және халықаралық серіктестермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырып отыр.
Цифрлық теңге қаржы технологияларының тез таралуын, аймақтарды қаржылық қызметтермен қамтамасыз етуге, төлем индустриясындағы бәсекелестік пен инновацияларды ынталандыруға ықпал етіп, Қазақстанның қаржы секторын халықаралық деңгейдеге бәсекеге қабілетті ете түседі.
Бастапқы кезеңде ҚҰБ цифрлық теңге тұжырымдамасының күнделікті тіршілікке қалай сіңісетінін тексеріп, бөлінген реестр технологиясының базасында жекелеген платформаның технологиялық тұрғыда жүзеге аса алатыны туралы эксперименттен растау алды, сондай-ақ, Қазақстан үшін орталық банктен цифрлық валюта үлгісінің негізгі параметрлерін анықтады.
Пилоттық жоба аясында цифрлық теңгенің айналымға ену циклінің базалық сценарийлері – эмиссия сатысынан бастап цифрлық валютаны пайдалану арқылы сатып алуға және аударым жасауға дейінгі сатылар жүзеге асырылды.
Ең қорытынды технологиялық шешімдер бірқатар артықшылыққа ие.
Меншік құқығы токен алды: пайдаланушы цифрлық теңгені ұялы телефондағы (немесе басқа құрылғыдағы) цифрлы әмиянында токен түрінде сақтай алады, сол арқылы өз ақшасын толық бақылауда ұстайды.
Офлайн-режимдегі төлемдер: цифрлық теңгені пайдаланатын адам сатушыда да, өзінде де интернеттің жоқтығына қарамастан, сауда жасай алады.
Құпиялық шарттарын реттеуге болады: транзакция мәліметтерін есеп айырысқан тараптардың бәрінен жасырып қоюға болады (пайдаланушының таңдауына қарай), солай бола тұра тиісті тексерулер жасауға болады.
Арнайы мақсаттағы токендер: цифрлық теңгені программалаудың арқасында токеннің құрылымында шығындарға шектеу қоюға болады және мақсатты пайдалануды оңай бақылауға болады.
Интеграцияның қарапайым түрі: цифрлық теңгенің инфрақұрылымы арқасында екінші деңгейлі банктер мен қаржылық-технологиялық компаниялар оны оңай қостырып, цифрлы қаражатты пайдаланудың жеке дара сценарийін жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Яғни, нарықтағы ескі компаниялар да, жаңа компаниялар да осындай мүмкіндікке ие болады.
Жобаны жүзеге асыру кезінде ҚҰБ токенделген жеке цифрлық валюта жасауда айтарлықтай алға шыққан өзге орталық банктердің халықаралық тәжірибесіне, сондай-ақ, Швеция, Сингапур, Канада, Еуроодақ, АҚШ, Швейцария, БАӘ секілді өзге де елдердегі цифрлық валюта саласында тәжірибесі бар пилоттық жобалардың технологиялық серіктестеріне тән тәжірибеге сүйенді.
Цифрлық теңге бойынша пилоттық жобаның нәтижелері туралы ҚҰБ-тың Баяндамасында цифрлық теңге тұжырымдамасының технологиялық тұрғыда жүзеге асу гипотезасының сынағы, сондай-ақ, жобаны одан әрі жүзеге асыруға қатысты сұрақтар мен міндеттер бар. Құжатта сондай-ақ, цифрлық теңгенің экономикаға, қаржы тұрақтылығына және ақша-кредит саясатына тигізетін ықпалы мен оны реттеудің жолдары ұсынылған.
Келесі кезеңде, 2022 жылдың шілдесіне қарай, экономикалық және реттеу зерттеуінің қорытындысын, технологиялық параметрлердің бағасын, тұтынушылардың әрекетіне қатысты сандық және сапалық зерттеудің, дизайн-сессиялар мен сарапшылар талқылауының қорытындысын ескере отырып, цифрлық теңгені енгізуге қатысты шешім қабылдау үшін үлгі дайындалады. Шешім қабылдауда төлем қызметтерін тұтынушылардың ақырғы әсері басымдыққа ие болады.
Әлеуетті пайда мен тәуекелдерді жан-жақты зерттеп, технологиялық аспектілер пысықталған соң, ақша-кердит саясаты мен қаржылық тұрақтылыққа тиетін ықпалы бағаланып, Ұлттық төлем жүйесі мен оның қатысушылары үшін қандай әсері болатыны болжанған соң 2022 жылдың соңына қарай цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылданады.