Алтын-валюта резерві жеке компанияларға басқаруға беріледі

Ұлттық банк алтын-валюта активтерін жеке сектордың басқаруына беру туралы жаңа ережені бекітті.  Бас банктің мәліметінше, ереженің ескі редакциясында басқаруға беретін компанияның тек инвестициялық тәуекелдері мен жұмысын тексеру қарастырылған болса, енді алтын-валюта активтерін басқаруға беретін компания операциялық және инвестициялық тексеріспен қатар басқарудың сандық және сапалық нәтижесі де ескерілмек. Бұл дью-дилидженс тәжірибесі деп аталады. "Соның ішінде тәуекелдер мен тұрақтылық кезіндегі табыстылық пен сыртқы процедуралар мен келісімшарттар жасау тарихына қараймыз. Дью-дилидженс тәжірибесін БЖЗҚ қаражатын басқарушы компанияларға да енгізу қарастырылуда", - деп хабарлайды бас банк. Елдің алтын-валюта резервін басқарушы компанияларды іріктегенде Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына басымдық берілмек. Айта кетейік, Қазақстанның алтын-валюта қоры қазіргі таңда 30 млрд долларға жетер-жетпес.